«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қыркүйек 2026
  • 60

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: УНИВЕРСИТЕТ ЖАСТАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің белсенді студенттері мен волонтерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Дүниежүзілік тазалық күніне арналған халықаралық экологиялық акцияға қатысты.
Экологиялық іс-шара барысында университет жастары тал егу жұмыстарын жүргізіп, қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Игі бастамаға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, тал егу жұмыстарына атсалысты. 
Іс-шараға сондай-ақ Құрылтай депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялардың басшылары және қызметкерлері қатысты.

WhatsApp Image 2026-09-22 at 14.08.54.jpeg

«Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірімізде көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен волонтерлері үшін мұндай экологиялық акцияларға қатысу – азаматтық белсенділікті арттырып, табиғатқа жанашырлық танытудың маңызды үлгісі.
Университет жастары алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға, туған өлкені абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларға белсенді қатыса бермек.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации