«JaStar» ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫН ТАНЫСТЫРУ КЕШІ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2026
  • 76

«JaStar» ЖАСТАР ҰЙЫМДАРЫН ТАНЫСТЫРУ КЕШІ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1-курс студенттеріне арналған «JaStar» жастар ұйымдарын таныстыру кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев қатысып, білім алушыларға ізгі тілегін білдірді. Ол жастардың тың бастамаларына қолдау көрсетілетінін атап өтіп, студенттерді университеттің қоғамдық және мәдени өміріне белсенді араласуға шақырды. 

WhatsApp Image 2026-09-24 at 10.41.25.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 10.41.22 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 10.41.22.jpeg

Қазіргі таңда университетте 4 бағыт бойынша 20 жастар ұйымы жұмыс істейді. Олар – ұлттық құндылықтар және мәдениет, құқық және тәртіп, қамқорлық және білім, интеллектуалды бағыттар. Аталған ұйымдар студенттердің қызығушылықтарына сәйкес түрлі бастамаларды жүзеге асырып, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Жастар ұйымдарына қатысу арқылы білім алушылар оқу үдерісімен қатар шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін жетілдіріп, қоғамдық жұмыстарда тәжірибе жинақтай алады. Сондай-ақ бұл орта студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне, өзара байланыс орнатуына, көшбасшылық және ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуына ықпал етеді.

WhatsApp Image 2026-09-24 at 10.41.26.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 10.41.23 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 10.41.21.jpeg

Кеш барысында жастар ұйымдарының өкілдері өз қызмет бағыттарын таныстырып, шығармашылық бағдарламаларын ұсынды. 
«JaStar» кеші студенттік ұйымдардың қызметін кеңінен таныстыруға, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға және білім алушылардың университет өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік жасауға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации