ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ERASMUS+ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2026
  • 76

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ ERASMUS+ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Қазақстан университеттерінде эндаумент-қорларды дамыту» (Development of Endowment Funds in Universities of Kazakhstan – UNIFUND) халықаралық жобасының жеңімпаз консорциумы құрамына енді.
36 айға жоспарланған жоба Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қаржылық тұрақтылығы мен институционалдық дербестігін арттыруға, университеттік эндаумент-қорларды дамытуға және оларды басқарудың заманауи тетіктерін енгізуге бағытталған. Жобаның грантхолдері әрі үйлестірушісі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Қорқыт ата университетінің UNIFUND жобасына қатысуы оқу орнының эндаумент қорын дамыту бағытында қалыптасқан тәжірибесімен тікелей сабақтас. Университетте 2021 жылдан бері «Korkyt Ata Endowment» корпоративтік қоры жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде жинақталған тәжірибе халықаралық жоба аясында фандрайзинг тетіктерін жетілдіруге, донорлармен және университет түлектерімен байланысты дамытуға, сондай-ақ эндаумент-қорды басқару тәсілдерін жаңа деңгейге көтеруге негіз болады.
UNIFUND аясында университет эндаумент-қорлардың дамуына қатысты еуропалық тәжірибені зерделеп, қаржы тартудың заманауи құралдарын, донорлармен жұмыс істеу және қорларды кәсіби басқару тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар жоба аясында жоғары оқу орындарының эндаумент-қорларды дамытуға дайындығын бағалау, мамандардың біліктілігін арттыру, бірыңғай цифрлық платформа әзірлеу және құқықтық-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу көзделген.
Жобаға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, қазақстандық және еуропалық жоғары оқу орындары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады. Қазақстандық серіктестер қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Әлихан Бөкейхан университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бар. 

Еуропалық серіктестер – Турин политехникалық университеті (POLITO, Италия) мен Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (UNISOFIA, Болгария). Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобаның қауымдастырылған серіктесі ретінде қатысады.
Оқу орны үшін UNIFUND жобасы «Korkyt Ata Endowment» қорының әлеуетін кеңейтіп, халықаралық тәжірибені университеттің эндаумент жүйесіне енгізуге мүмкіндік беретін маңызды алаң болып табылады. Университеттің жобаға қатысуы эндаумент мәдениетін дамытуға, университеттің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына бағытталған қосымша ресурстар қалыптастыруға ықпал етеді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации