«ЖАС ЗАҢГЕР» ҮЙІРМЕСІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АЛАҢ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2026
  • 63

«ЖАС ЗАҢГЕР» ҮЙІРМЕСІ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АЛАҢ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Жас заңгер» ғылыми-шығармашылық үйірмесінің алғашқы кездесуі өтті. Басқосу құқықтану бағыты бойынша білім алып жүрген студенттердің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыруға, құқықтық сауаттылығын жетілдіруге және заң мен тәртіп қағидатын ұстанатын білікті мамандарды қалыптастыруға бағытталды. 
Кездесуді «Құқықтану» білім беру бағдарламасының заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы, үйірме жетекшісі Шолпан Жұмағұлова ұйымдастырды. Алғашқы басқосу барысында үйірме мүшелері өзара танысып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады. Студенттерге үйірменің мақсаты мен міндеттері таныстырылып, бірлескен ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстардың форматы айқындалды.

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.27.45.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.27.46.jpeg

«Жас заңгер» үйірмесінің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық білімін тереңдету, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру және заң мен тәртіп қағидатын құрметтейтін, кәсіби жауапкершілігі жоғары заңгерлердің қалыптасуына ықпал ету.
Үйірме мүшелері өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салып, алдағы жобаларға қатысты пікірлерін білдірді. Бұл бастамалар студенттердің ғылыми ізденісін жүйелі түрде дамытуға және құқықтық мәселелерді терең әрі жан-жақты зерделеуіне мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации