«ELGE QYZMET: ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН МҮМКІНДІК» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2026
  • 76

«ELGE QYZMET: ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН МҮМКІНДІК» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараны Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев ашып, студенттерге мемлекеттік қызметтің маңызы мен жастарға берілетін мүмкіндіктер жөнінде сөз қозғады.

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.51.48 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.51.48.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.51.50 (1).jpeg

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиев қатысты. Спикер студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен осы бағыттағы мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Сондай-ақ университетпен алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Жиында Қорқыт ата университетінің үздік түлегі, Өңірлік кадр резервінің мүшесі, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының персоналмен жұмыс бөлімінің бас инспекторы Серікболсын Маденов мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен бөлісті. 

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.51.49.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.51.49 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-09-24 at 16.51.50.jpeg

Іс-шара соңында «Абырой» жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің жұмысына белсенді қатысып жүрген профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының атынан алғыс хаттар табысталды.
Кездесу барысында жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыру, кәсіби дамуына мүмкіндік жасау және қоғамға қызмет ету құндылықтары талқыланды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации