УНИВЕРСИТЕТ ОМБУДСМЕНІ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСТАМАЛАРҒА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2026
  • 14

УНИВЕРСИТЕТ ОМБУДСМЕНІ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАСТАМАЛАРҒА БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті, «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадам «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бірқатар маңызды іс-шараға қатысты.

АлиИслам Байхадам Қызылорда қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметімен танысты. Отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік және құқықтық қолдау шаралары туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысына қатысты.

WhatsApp Image 2026-09-24 at 17.01.36.jpeg

Кеңес отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Оның жолын кесу шараларына да назар аударылды. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету мәселелері қаралды.

Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғаудың маңызы атап өтілді. Сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі қозғалды.

Іс-шаралар студенттің кәсіби білімін тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік берді. Сонымен қатар қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты құқықтық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации