LUPIC ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 қыркүйек 2026
  • 74

LUPIC ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов және Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева Генерал Хон Бом До мемориалдық қоғамының бас хатшысы Хан Дон Гынмен және қоғамның Қазақстандағы филиалының басшысы Дмитрий Пакпен кездесті.
Кездесу барысында Жасанды интеллект институтымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан LUPIC жобасы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлар талқыланды.

WhatsApp Image 2026-09-24 at 18.07.33.jpeg
Тараптар жобаны одан әрі дамыту, білім беру және ғылыми-зерттеу бағытындағы бірлескен бастамаларды кеңейту мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар университет аумағында жаңа оқу ғимаратын салу және оны заманауи материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау жөніндегі жоспарлар қарастырылды.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді серіктестікті нығайтуға және жоспарланған бастамаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации