ДОКТОРАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қыркүйек 2026
  • 17

ДОКТОРАНТТАРДЫ ДАЯРЛАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов пен Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Қайроллаұлымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыру, сондай-ақ докторантура бағытында білікті кадрлар даярлау бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту.
Басқосу барысында Қорқыт ата университетінің профессор-оқытушыларын Қазақ спорт және туризм академиясының докторанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқыту мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар докторантура бағдарламаларының бағыттары, оқуға қабылдау талаптары, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және докторанттарға академиялық әрі ғылыми қолдау көрсету мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Келіссөз қорытындысы бойынша кадрлық әлеуетті арттыруға және ғылыми-зерттеу бағыттарын дамытуға бағытталған өзара байланысты одан әрі нығайту жөнінде ұсыныстар айтылды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации