ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ UI GREENMETRIC-2026 ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІНДЕ 1243-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қыркүйек 2026
  • 17

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ UI GREENMETRIC-2026 ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГІНДЕ 1243-ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті UI GreenMetric-2026 әлемдік университеттер рейтингінің 17-басылымында өз көрсеткішін жақсартып, әлем бойынша 1259-орыннан 1243-орынға көтерілді. Сонымен қатар, университет Қазақстанның 41 жоғары оқу орны арасында 20-орынды, ал Азия университеттері арасында 744-орынды иеленді.

Бұл жетістік әлемдік деңгейдегі бәсекелестіктің арта түскенін ескергенде айрықша маңызға ие. Биыл рейтингке қатысушы жоғары оқу орындарының саны 1743-тен 2016-ға дейін көбейіп, 110 мемлекетті қамтыды.

Биыл рейтинг әдістемесі жаңартылып, университеттердің тұрақты даму саласындағы қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін жеті санат қамтылды: инфрақұрылым және қоршаған орта; энергетика және климаттың өзгеруі; қалдықтарды басқару; су ресурстары; көлік; білім беру және ғылыми зерттеулер; басқару және цифрландыру.

Жаңартылған әдістемеде экологиялық бастамалар мен тұрақты даму саласындағы білім беру қызметімен қатар, тиімді институционалдық басқару мен цифрлық трансформацияға да ерекше мән берілді.

Университеттің рейтингтегі орнының жақсаруы оның тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға, тиімді басқаруға және экологиялық қолайлы кампус қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетеді.

 

#ҚорқытАтаУниверситеті #UIGreenMetricWur #SDG


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации