Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті КЕАҚ тіркеуші офисінің аға әдіскері (уақытша) бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қыркүйек 2026
  • 30

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті КЕАҚ тіркеуші офисінің аға әдіскері (уақытша) бос қызмет орнына орналасуға конкурс жариялайды

 Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

  5) жұмыс орны бойынша (қазыргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

  6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Тіркеуші офисінің аға әдіскері  білуі тиіс: Тиісті білім салаларының ғылыми және практикалық мәселелерін, ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын; оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты заңдарды, қаулыларды, бұйрықтарды, өкімдерді, стандарттарды және басқа да нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттарды; білім беру үдерісін ұйымдастырудағы ұйымдардың озық тәжірибесін; Тіркеуші офисінің жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың белгіленген тәртібін; педагогикалық қызметтің әдістері мен тәсілдерін; оқу сабақтарының барлық түрлеріне қойылатын талаптарды; шарттарды жасасу және орындау тәртібін; еңбек заңнамасының негіздерін; оқу және ғылыми құжаттаманы құрастыру, ресімдеу және жүргізу тәртібін; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.

Тіркеуші офисінің аға әдіскерінің біліктілік талаптары: жоғары білімі бар, білім беру саласында тәжірибесі мен кәсіби дағдылары қалыптасқан жоғары білікті маман.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.10.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, адами ресурстарды басқару басқармасы

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28.

                                                         

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации