БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 25 қыркүйек 2026
  • 21

БОЛАШАҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫНА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Болашақ университетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.

«Білім беру саласындағы жасанды интеллект құралдары» тақырыбындағы 72 сағаттық оқу курсы 14–25 қыркүйек аралығында аралас форматта жүргізілді.

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.28.03.jpeg

Курс барысында тыңдаушылар білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, заманауи цифрлық технологияларды оқу үдерісіне енгізу, сондай-ақ жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби қызметте қолдану бағыттары бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдірді.

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.28.04.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.28.06.jpeg

Оқу бағдарламасын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев жүргізді.

Қорытынды  бойынша оқу бағдарламасын толық меңгерген тыңдаушыларға 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын сертификаттар табысталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации