ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ГОНКОНГ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗАРА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 26 қыркүйек 2026
  • 17

ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ГОНКОНГ БІЛІМ БЕРУ УНИВЕРСИТЕТІ ӨЗАРА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы өтті.

Жиын басталмас бұрын форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.

Форумға мемлекеттік органдардың, отандық бизнес өкілдерінің, даму институттарының және Қытайдың жетекші компанияларының өкілдері қатысты. Қатысушылар қатарында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс әкімінің орынбасары Аманқұл Нұриддин  болды. Нұрлыбек Мәшбекұлы форум екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететінін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.25.12.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.25.14.jpeg

 

Форум аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, SDU университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Гонконг білім беру университеті (The Education University of Hong Kong, EdUHK) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.25.13 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.25.12 (1).jpeg
Меморандум шеңберінде университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов және The Education University of Hong Kong университетінің профессорлары ,Gu Ming Yue, Michelle, Poon Sin Yi, Teresa, Wang Yi Fei, Faye өзара келісімге келді. 

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.25.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-25 at 17.25.13 (1).jpeg

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту, академиялық байланыстарды нығайту және өзара бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

«Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтіп, бірқатар нақты келісімдерге қол жеткізді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации