УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ЖАТАҚХАНАЛАР МЕН ОҚУ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 28 қыркүйек 2026
  • 11

УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫСЫ ЖАТАҚХАНАЛАР МЕН ОҚУ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Наурызбай Байқадамов университетке қарасты нысандардың қазіргі жай-күйін бақылау мақсатында аралау жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында университет балансындағы Ғалымдар үйі, №3 жатақхана, «Іңкәр 7» және «ДиЛМАШ» жатақханаларының жағдайы тексерілді. Университет басшысы студенттер үшін жасалған жағдайлармен танысып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық талаптардың сақталуы және бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеу мәселелеріне назар аударды.

WhatsApp Image 2026-09-27 at 16.03.11.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-27 at 16.03.12.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-27 at 16.03.12 (1).jpeg

Сонымен қатар №2 және №6 оқу ғимараттары араланып, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстардың барысы талқыланды. Нысандардың техникалық және материалдық жағдайы қаралып, қажетті жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, құрылысы аяқталуға жақын Инжинирингтік паркке барып, нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

WhatsApp Image 2026-09-27 at 15.48.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-27 at 16.03.13.jpeg

WhatsApp Image 2026-09-27 at 16.03.13 (1).jpeg

Аралау қорытындысы бойынша университет басшысы жауапты қызметкерлерге белгіленген жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды, нысандардың қауіпсіздігі мен санитарлық талаптардың сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Білім алушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру және оқу инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таба бермек.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации