ҚЫТАЙ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ШАНХАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 30 қыркүйек 2026
  • 19

ҚЫТАЙ: ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ШАНХАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өтіп жатқан «Дамушы елдер үшін ғылыми-технологиялық инновациялар және кәсіпкерлік» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысуда.

30 қыркүйек пен 20 қазан аралығында ұйымдастырылып отырған семинарды Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі (MOFCOM) ұйымдастырып, Shanghai Business School қабылдаушы тарап ретінде қатысуда.

Халықаралық семинарға университеттен Тіркеуші офисінің басшысы, «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Марат Абжаев, «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры Нұралы Шайқысұлтанұлы, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы Эльмира Орынтайқызы, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Алия Муйденова және Рекрутинг бөлімінің басшысы Асқат Мырзабай тәжірибе жинақтауда.

WhatsApp Image 2026-09-30 at 11.18.15.jpeg

Семинар жұмысына Қазақстанмен қатар Әзірбайжан, Панама, Иордания, Ирак және Зимбабве елдерінің өкілдері қатысып, ғылыми-технологиялық инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісуде. Халықаралық іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби тәжірибе алмасу, инновациялық даму мен кәсіпкерлік саласындағы тиімді тәсілдерді талқылау және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Семинардың ашылу салтанатында MOFCOM халықаралық бизнес мамандарын даярлау базасы директорының орынбасары, Shanghai Business School Халықаралық білім беру колледжі деканының орынбасары Dai Ying және MOFCOM халықаралық бизнес мамандарын даярлау базасының Бағдарламалар департаментінің директоры Zhou Dejiang сөз сөйлеп, қатысушыларды семинар бағдарламасы және алдағы жұмыс бағыттарымен таныстырды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации