УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 01 қазан 2026
  • 15

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен көшпелі баспасөз конференциясы өтті.
Жиында университеттің қазіргі даму бағыты, білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық ынтымақтастық және студенттер үшін қолайлы академиялық орта қалыптастыру бағыттарындағы нәтижелері таныстырылды.
Университеттің даму көрсеткіштері туралы Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Уәлихан Ибраев баяндады. Оның айтуынша, оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуетін арттырумен қатар, халықаралық академиялық кеңістіктегі орны да нығайып келеді.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 18.14.16.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-01 at 18.14.15 (2).jpeg

Халықаралық рейтингтердегі нәтижелерге сәйкес, университет QS Stars бағалау жүйесінде 4 жұлдыз иеленді. QS Asia University Rankings – 2026 рейтингінде 593-орынға, ал UI GreenMetric әлемдік рейтингінде 1259-орынға орналасты.
Ұлттық рейтингтерде де университеттің нәтижелері тұрақты көрсеткіштермен сипатталады. Академиялық Рейтингтерді Тәуелсіз бағалау агенттігінің ұлттық сұраныс рейтингінде университет 7-орынға ие болып, Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы бас рейтингте ТОП-10 құрамына енді.
Кездесу барысында университеттің ғылыми әлеуетін дамыту, жас ғалымдарды қолдау және білім алушылардың академиялық, ғылыми, шығармашылық және спорттық мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.

WhatsApp Image 2026-10-01 at 18.14.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-01 at 18.14.15 (3).jpeg

«Біздің жұмысымыздың ең маңызды көрсеткіші – студенттердің жетістігі. 2025–2026 оқу жылында республикалық пәндік олимпиадалардың 67 жеңімпазы, студенттердің ғылыми-зерттеу жобаларының 27 жеңімпазы анықталды. Ал 2026–2027 оқу жылында 22 студент Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды», – деді Уәлихан Ибраев.
Студенттердің жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында университетте 20 жастар ұйымы мен 11 спорт секциясы жұмыс істейді. Бұл құрылымдар білім алушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, ғылыми және шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған.
Баспасөз конференциясы барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері университеттің білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық ынтымақтастығы және алдағы даму жоспарларына қатысты сауалдарын қойды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации