ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қазан 2026
  • 101

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Жаратылыстану институтының, Инженерлік-технологиялық институтының, сондай-ақ Экономика және құқық институтының докторанттары мен профессор-оқытушылар құрамын 2026 жылғы 15-21 қараша аралығында Ресей Федерациясының Дубна қаласында өтетін «Дубна» халықаралық ғылыми-білім беру мектебіне қатысуға шақырады.
Ғылыми-білім беру мектебі аясында:
•    Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі жастардың рөлі;
•    тұрақты даму көрсеткіштерін бағалау және оларға мониторинг жүргізу;
•    ТМД елдеріндегі ғылыми-білім беру қызметін дамыту;
•    жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу инфрақұрылымына қолжетімділігін кеңейту;
•    ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру;
•    халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу;
•    жас зерттеушілер арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылады.
Бағдарламаны толық аяқтаған қатысушыларға «Дубна» халықаралық ғылыми-білім беру мектебінде оқудан өткенін растайтын сертификат табысталады.
Қатысушылар конкурстық іріктеу негізінде анықталады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
•    жоғарыда аталған институттардың бірінде докторантурада білім алуы немесе профессор-оқытушылар құрамында қызмет атқаруы;
•    орыс тілін жетік меңгеруі;
•    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған ғылыми басылымдарда немесе Scopus дерекқорында индекстелетін басылымдарда кемінде бір ғылыми жарияланымының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
•    докторанттың немесе профессор-оқытушының өтініші (білім беру бағдарламасының жетекшісі және институт директорының келісімімен);
•    түйіндеме (CV);
•    ғылыми жарияланымдар тізімі және оларды растайтын құжаттар.

Оқу, жол жүру, тұру және тамақтану шығындары ұйымдастырушылар есебінен өтеледі.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 8 қазан, сағат 17:00-ге дейін.
Құжаттарды тапсыру орны: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Бас оқу ғимараты, Халықаралық байланыстар бөлімі, 317-кабинет.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации