Білім алушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қазан 2026
  • 18

Білім алушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің халықаралық байланыстар бөлімі серіктес-университеттерінде 2026-2027 оқу жылының көктем семестрінде ағылшын тілінде оқу үшін Лодзь университетінде, Польша (20.02-07.07.2027ж.),  Ховест қолданбалы ғылымдар университетінде, Бельгия (01.02.-28.06.2027ж.), Халықаралық Қара теңіз университетінде, Тбилиси, Грузия (15.02-30.06.2027ж.) академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсқа құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.

Лодзь университеті (Польша) келесі білім беру бағдарламаларын ұсынады: заң және әкімшілік факультеті, экономика және әлеуметтану факультеті, биология және қоршаған ортаны қорғау факультеті, география ғылымдары факультеті, халықаралық және саяси зерттеулер факультеті, философия және тарих факультеті, басқару факультеті, Математика және информатика факультеті, Физика және қолданбалы информатика факультеті, Химия факультеті, Педагогикалық ғылымдар факультеті, Филология факультеті (шетел тілдері және орыс тілі, мәдениеттану және медиатану, журналистика);

Ховест қолданбалы ғылымдар университеті (Бельгия) «Жасанды интеллект инженері» және «Қолданбалы информатика I және II» оқу бағдарламаоарын ұсынады;

Халықаралық Қара теңіз университеті, Тбилиси, Грузия «Ағылшын тілі және әдебиет» білім беру бағдарламасын ұсынады.

Конкурсқа  бакалавриат және магистратура білім алушылары (бітіруші курстардан басқа) қатыса алады.

Екі жақтың келісім шарты бойынша серіктес-университеттерінде  оқу тегін, ал бару-қайту жолақысы, медициналық сақтандыру полисі, визалық шығындары және жатақханада тұру ақысы студенттердің өз есебінен болады.

Өтініш беруші келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

1) Білім алушының толық деректерімен университет басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (институт, мамандық, топ, төлқұжат деректері, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);

2) Үлгерімі туралы транскрипт (Платонус арқылы электронды түрде) (GPA 3.0 баллдан төмен болмау керек);

3) Шетел тілін (ағылшын тілі) меңгеру деңгейін растайтын құжат: бар болған жағдайда шетел тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат (IELTS/TOEFL);

4) IELTS/TOEFL сертификаттары болмаған өтініш берушілер ағылшын тілі бойынша институционалды тестті 14 қазан сәуір күні сағат 16:30-де бас оқу ғимаратының мәжіліс залында тапсырады.

Құжаттар халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.

Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А,

           бас оқу ғимараты, 2-қабат, 224-ші бөлме, телефон: 26-29-57

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың  халықаралық байланыстар бөлімі.

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации