ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЙЕДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 05 қазан 2026
  • 42

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЙЕДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері Бішкек қаласында Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің бірінші проректоры – оқу істері жөніндегі проректор, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Алайбек Шамшиевпен кездесті.

WhatsApp Image 2026-10-05 at 16.37.30 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-05 at 16.37.31.jpeg

Кездесу барысында Оқу үдерісін ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру басқармасының басшысы Дина Мұратқызы, «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Сауле Жарбулова және Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің өкілдері екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және стратегиялық әріптестікті нығайту бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, академиялық ұтқырлықты дамыту, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының алмасуын ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылыми тағылымдамалар өткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-10-05 at 16.37.30.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-05 at 16.37.28 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-05 at 16.37.27.jpeg

Сонымен қатар тараптар білім беру және ғылым салаларындағы өзара тәжірибе алмасуды күшейтіп, бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың перспективаларын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты жаңа бағыттар бойынша кеңейтуге уағдаласты.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации