ЭНДАУМЕНТ-ҚОРЛАРДЫ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қазан 2026
  • 53

ЭНДАУМЕНТ-ҚОРЛАРДЫ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астана медицина университетінде Қазақстанның эндаумент-қорлары, жоғары оқу орындары және басқарушы компаниялар өкілдерінің VI кездесуі өтті. Іс-шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті атынан «Korkyt Ata Endowment» корпоративтік қорының директоры Маржан Базарханова қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 10.54.43.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 10.54.44.jpeg

Кездесуде білім мен ғылымды ұзақ мерзімді қолдауға бағытталған мақсатты капиталды қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылды. Негізгі назар эндаумент-қорлардың қызметінде исламдық қаржыландыру құралдарын пайдалану мүмкіндіктеріне аударылды.

Қатысушылар исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарын, Қазақстанның қаржы нарығындағы қолжетімді инвестициялық құралдарды, қор активтерін тиімді басқару тетіктерін және осы саладағы құқықтық талаптарды талқылады. Сонымен қатар ұлттық қайырымдылық дәстүрлерін заманауи қаржылық тәсілдермен ұштастырудың маңызы атап өтілді.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 10.54.43 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 10.54.43 (1).jpeg

Кездесу барысында эндаумент-қорлардың тұрақтылығын арттыру, мақсатты капиталды тиімді инвестициялау, басқарушы компаниялармен өзара іс-қимылды дамыту және білім беру мен ғылыми жобаларды қаржыландырудың жаңа мүмкіндіктері жөнінде тәжірибе алмасылды.

Аталған басқосу «Korkyt Ata Endowment» корпоративтік қоры үшін мақсатты капиталды басқарудың озық тәжірибелерін зерделеуге, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және университеттегі білім беру мен ғылыми бастамаларды ұзақ мерзімді қолдаудың тиімді тетіктерін айқындауға мүмкіндік берді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации