ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қазан 2026
  • 59

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Павлодар облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Бақытжамал Шаханқызымен «Ұлттық құндылық және қазақ қызының болмысы» тақырыбында кездесу өтті.
Тағылымды басқосудың мақсаты – қазақ қызының бойындағы ибалық, ізеттілік, білімділік, еңбекқорлық және отансүйгіштік қасиеттердің мәнін ашып, оларды ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып дәріптеу.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 15.13.40 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 15.13.40 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 15.13.40 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 15.13.39 (1).jpeg

Кездесу барысында қазақ халқының салт-дәстүрі мен отбасылық тәрбиенің маңызы, қазіргі қоғамдағы қазақ қызының орны, білім мен кәсіби дамудың қажеттілігі сөз болды. Қатысушылар ұлттық болмысты сақтай отырып, заман талабына сай тұлға қалыптастыру жөнінде пікір алмасып, жастарға тағылымды ой-пайымдарын жеткізді.
Іс-шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының» директоры Нұрсәуле Мұсаева, кәсіпкер әрі көпбалалы ана Гүлмира Базарбайқызы, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы Жанар Сағынбаева және университет білім алушылары қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 15.13.40 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 15.13.41.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 15.13.3911.jpeg

Кездесуді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Салтанат Бижігітқызы жүргізді.
Тағылымды кездесу студенттердің ән шашуымен қорытындыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации