ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қазан 2026
  • 47

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының студенттері №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қарттарға арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 16.19.20.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 16.19.21 (3).jpeg

Шараның ашылуында №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Раушан Жәдігерқызы мен «Экономика және басқару» білім беру бағдарламасының жетекшісі Меруерт Әбдуәліқызы қарттарды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

WhatsApp Image 2026-10-06 at 16.19.21 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-06 at 16.19.20 (1).jpeg

Мерекелік шара барысында студенттер қарттарға ән мен жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ білім алушылар түрлі қызықты ойындар ұйымдастырып, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстады.

Аға буынға құрмет көрсетіп, қазыналы қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шара жылы жүздесуге ұласып, өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыра түсті.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации