Тәрбиенің бастауы – балабақша
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 05 қазан 2022
  • 1456

Тәрбиенің бастауы – балабақша

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің директоры Анар Ізден мен SES (Senior Experten Service) халықаралық ұйымының сарапшысы Эльфриды Паули  студенттермен кездесу өткізді.

Кездесуді әлеуметтік және тәрбие  жұмыстар жөніндегі проректор Жандос Базартай жүргізіп, мектепке дейінгі бала тәрбиесі, балабақшадағы білім мен тәрбиенің маңыздылығы туралы атап өтті.

Ал, «Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Бақытжамал Бекжанова «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі  университеттегі кафедра филиалы екенін, білім алушылар жиі практикаға барып, тәжірибе алмасатынын атап өтті.

Кездесу барысында студенттер педагогика саласына қатысты сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Айта кету керек, білім алушылар 10-20 қазан аралығында  «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйінің базасында SES (Senior Experten Service) халықаралық ұйымының сарапшысы Эльфриды Паулидің шеберлік сағаттарына қатысып, тәжірибе жинақтайтын болады.

IMGL9373.JPG

IMGL9229.JPG

                                       

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

  

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...