65 БІЛІМ АЛУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 07 қазан 2026
  • 35

65 БІЛІМ АЛУШЫ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 65 білім алушысы бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы бойынша мемлекеттік грант иегері атанды. Олардың қатарында бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алып жүрген 63 студент және магистратура бағдарламаларының 2 білім алушысы бар.
Бос білім беру гранттары 2025-2026 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы негізінде конкурстық тәртіппен тағайындалды.
Мемлекеттік гранттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген қағидалардың 23-тармағына және 2026 жылғы 2 қазандағы №474 бұйрығына сәйкес берілді.

WhatsApp Image 2026-10-07 at 15.26.07.jpeg
Білім алушыларымызды мемлекеттік білім беру грантын иеленуімен құттықтаймыз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации