«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 06 қазан 2026
  • 33

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ төмендегі бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды

 

 

р/с

Бос лауазымның атауы

БББ, бөлім атауы

Штаттық  бірлік

Ескерту

1.

Жетекші

AI және деректерді талдау орталығы

1,0

 

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) конкурсқа қатысу үшін өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 түрлі түсті сүреті бар қызметтік тізбесі;

4) білім туралы құжат көшірмесімен бірге, салыстыру үшін түпнұсқасы беріледі;

 5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрыңғы) кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

7) № 075/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада № 21579 тіркелген);

8) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралымәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.

Жоғарыда көрсетілген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Жетекші білуі тиіс

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Дербес деректер және оларды қорғау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарын, сондай-ақ жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми және цифрлық қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді; жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау саласындағы заманауи әдістер мен технологияларды; бағдарламалық жобаларды басқару қағидаттарын; жоғары оқу орнының техникалық және ғылыми даму перспективаларын; жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын; ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарын; шетелдік жоғары оқу орындарының IT және AI саласындағы озық тәжірибесін; еңбек заңнамасын; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын.

Жетекшінің біліктілік талаптары: 

Ақпараттық технологиялар, қолданбалы математика, деректерді талдау немесе жасанды интеллект бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі. IT, жасанды интеллект немесе деректерді талдау саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы. Машиналық оқыту мен деректерді талдау әдістерін, бағдарламалау тілдерін (Python, SQL және т.б.), жасанды интеллект платформаларын, жобаларды басқару негіздерін, мемлекеттік сатып алу процесіндегі техникалық тапсырмалар дайындау тәртібін және еңбек қауіпсіздігі талаптарын білуі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.10.2026ж. сағат 17:00-ге дейін. Байқаудың өтетін күні мен орны кейінірек хабарланады.

Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады:

120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі 29А, бас әкімшілік ғимарат, Адами ресурстарды басқару барқармасы, 205 каб.; электрондық пошта: hr@korkyt.kz.

Қосымша ақпараттарды мына телефон арқылы алуға болады: 8(7242) 27-86-28.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации