БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қазан 2026
  • 57

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Нархоз» университетінің «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының жетекшісі, социология ғылымдарының докторы Раушан Балтабайқызы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті. 

Басқосу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2025–2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс практикасы мен білімін индигенизациялау» ғылыми жобасы шеңберіндегі бірлескен жұмыс аясында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 11.55.48.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-08 at 11.55.48 (2).jpeg

Аталған жобаға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының жетекшісі Меруерт Әбдуәліқызы бірлескен зерттеуші ретінде қатысады.

Кездесу барысында Раушан Балтабайқызы білім алушыларға «Нархоз» университетіндегі әлеуметтік қызметкерлердің практикалық даярлығы тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте әлеуметтік жұмыс мамандарын даярлау ерекшеліктері, оқу мазмұны және практикалық дайындық мәселелері қамтылды.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 11.55.47.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-08 at 11.55.47 (1).jpeg

Жоба нәтижелерін оқу процесіне енгізу бағытында Меруерт Әбдуәліқызы «Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу» пәні аясында еңбекпен қамту проблемаларының әлеуметтік интерпретациясы, аутенттік тәжірибелер және білім беруді индигенизациялау мәселелері бойынша білім алушыларға түсіндірме жүргізді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации