СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қазан 2026
  • 45

СТУДЕНТТІК ӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы «Іңкәр-7» студенттер үйінде тұратын 1-2-курс білім алушыларына арналған «Студенттік өмірге бейімделудің психологиялық қырлары» тақырыбында тренинг өткізді.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 14.51.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-08 at 14.51.37 (1).jpeg

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың жаңа ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне қолдау көрсету, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және олардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру.
Тренинг барысында студенттер жаңа ортаға бейімделудің психологиялық ерекшеліктері, тиімді қарым-қатынас орнату, эмоцияларды басқару, қобалжу мен сенімсіздікті жеңу жолдарын талқылады. Сондай-ақ топ ішінде өз орнын табу, бір-біріне қолдау көрсету және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 14.51.37.jpeg

Қатысушылар интерактивті жаттығулар мен психологиялық ойындарға белсене қатысып, бір-бірімен жақынырақ танысуға, еркін пікір алмасуға және командалық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.                              Айта кетейік, білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және университет ортасына бейімделуіне бағытталған мұндай тренингтер жыл соңына дейін жүйелі түрде жалғасатын болады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации