«YESSENOV IELTS PRO» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 08 қазан 2026
  • 34

«YESSENOV IELTS PRO» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

Құрметті білім алушылар!

 

Shakhmardan Yessenov Foundation жеке қоры ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға және халықаралық IELTS емтиханына дайындалуға ниетті жастар үшін «Yessenov IELTS Pro» бағдарламасына конкурс жариялайды.

Бағдарлама аясында іріктеуден өткен қатысушыларға IELTS емтиханына дайындық курстарынан өту мүмкіндігі беріледі. Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік 25 қатысушының IELTS емтиханын тапсыру ақысын Қор өтейді.

Конкурсқа кімдер қатыса алады?

 

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында келесі бағыттар бойынша білім алып жатқан бакалавриат студенттері, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ жұмыс істейтін мамандар:

* Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;

* Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

* Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;

* Денсаулық сақтау.

 

Негізгі талаптар:

* Ағылшын тілін меңгеру деңгейі B1-ден төмен болмауы;

* Бағдарламаның толық оқу кезеңіне қатысуға дайын болуы;

* Конкурстық іріктеуден сәтті өтуі.

 

Қажетті құжаттар:

1. Жеке куәліктің көшірмесі;

2. «IELTS сертификатын алу менің кәсіби даму бағытыма қалай әсер етуі мүмкін?» тақырыбында 700 сөзден аспайтын эссе.

 

Қосымша ретінде ғылыми жетістіктерді, қоғамдық белсенділікті және басқа да жетістіктерді растайтын құжаттарды ұсынуға болады.

Маңызды күндер:

* 21 қазан 2026 жыл, сағат 15:00 (GMT+5) – өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі;

* 30 қазан 2026 жыл – онлайн тестілеу;

* 3 қараша 2026 жыл – конкурс нәтижелерін жариялау;

* 4 қараша 2026 жыл – оқу бағдарламасының басталуы;

* 28 наурыз 2027 жыл – оқу бағдарламасының аяқталуы.

 

Оқу форматы:

Сабақтар аптасына 2 рет, әрқайсысы 90 минуттан өткізіледі. Оқыту IELTS емтиханының Listening, Reading, Writing және Speaking бөлімдері бойынша жүргізіледі.

 

Өтінім беру:

Конкурсқа қатысу үшін Қордың ресми сайтында онлайн өтінімді толтыру қажет:

https://yessenovfoundation.org

Халықаралық білім алу және кәсіби даму мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации