«БОЛАШАҚ ТЕРГЕУШІЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 сәуір 2026
  • 5

«БОЛАШАҚ ТЕРГЕУШІЛЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Ғанибек Отарбаев пен студенттері Астана қаласында өткен «Болашақ тергеушілер» республикалық форумына қатысты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға еліміздің әр өңірінен 100 студент пен 40 оқытушы және сүйемелдеуші қызметкер жиналды.
Форум барысында қатысушылар Ішкі істер министрлігінің қызметімен танысып, Жедел басқару орталығын, криминалистикалық зертханаларды және ІІМ музейін аралады. Сондай-ақ заманауи техникалық құралдар мен арнайы техникалардың мүмкіндіктерін көріп, тергеу жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат алды.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 10.08.42.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 10.08.42 (1).jpeg

Құқық қорғау саласының тәжірибелі мамандарымен өткен кездесулерде тергеуші мамандығының ерекшеліктері мен жауапкершілігі талқыланып, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды.
Іс-шара жастардың құқық қорғау саласына қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдарын қалыптастыруға және болашақ мамандардың тәжірибелік білімін жетілдіруге бағытталды. Форум университет студенттері үшін кәсіби құзыреттерін дамытуға және тергеу қызметінің қыр-сырын тереңірек тануға мүмкіндік берген маңызды тәжірибе алаңына айналды.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации