ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 сәуір 2026
  • 51

ШЫМКЕНТТЕ 300-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА ҚОРҚЫТ АТА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Шымкент қаласындағы өкілдігі «ZIYATKER | SHYMKENT» интеллектуалдық байқауы аясында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында Шымкент қаласындағы мектептердің 300-ге жуық дарынды 10–11 сынып оқушысына университеттің білім беру мүмкіндіктері, бағдарламалары, талапкерлерге ұсынылатын мүмкіндіктері мен даму бағыттары туралы ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 11.24.02 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 11.24.02.jpeg

Сондай-ақ, оқушыларға Қорқыт ата университеті мен Оңтүстік Кореяның Seoul National University of Science and Technology (SeoulTech) университеті арасындағы бірлескен бастамалар таныстырылды. Жасанды интеллект институтының қызметі мен білім алу мүмкіндіктері баяндалды.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 11.24.03.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 11.24.02 (1).jpeg

Кәсіби бағдар беру жұмысын Қорқыт ата университетінің Шымкент қаласындағы өкілі Жандос Шынжырбайұлы жүргізді. Спикер оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын, еңбек нарығындағы жаңа бағыттар мен университет ұсынатын заманауи білім беру мүмкіндіктерін кеңінен түсіндірді.

 


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации