ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСУДЕ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 сәуір 2026
  • 41

ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСУДЕ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы өзге жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуға, озық тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Осы бағдарлама аясында университеттің Академиялық мәселелер бойынша проректоры Дана Абдрашева отандық және шетелдік ғалымдармен кездесті. Басқосуда білім беру үдерісін жетілдіру және академиялық байланыстарды дамыту мәселелері қарастырылды.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 13.01.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 13.01.14 (2).jpeg

Кездесуге Өзбекстан Республикасындағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институтының «Экология және су ресурстарын басқару» кафедрасының доценті, PhD Малохат Абдукадирова және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің доценті, PhD, Қуаныш Абдешев, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» БББ жетекшісі Бауыржан Отарбаев қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 13.01.14 (1).jpeg

Айта кетейік, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Малохат Абдукадирова 11 қыркүйек пен 25 желтоқсан аралығында ВРВ-24-1 оқу тобының студенттеріне «Суды тазалау технологиясының негіздері» пәнінен дәріс оқуда. Ал ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде Қуаныш Абдешев 9 қыркүйек пен 18 желтоқсан аралығында 6В07369 – «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттеріне сабақ жүргізуде. Оқыту офлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырылған.Академиялық ұтқырлық профессор-оқытушылар құрамының тәжірибе алмасуына, білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және озық білім беру тәжірибесін оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации