БАҒДАТ КӘРІБОЗҰЛЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 24 сәуір 2026
  • 27

БАҒДАТ КӘРІБОЗҰЛЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлының 70 жылдық мерейтойына арналған Ғылыми кеңестің салтанатты мәжілісі өтті.
Мәжілісті Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов жүргізіп, мерейтой иесінің өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметіне тоқталып, қазақ әдебиеттану ғылымы мен жоғары білім саласының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Университет атынан ғалымға құрмет көрсетілді.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.54 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.53.jpeg

Салтанатты жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбетов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қызылорда облысының құрметті азаматы, экономика ғылымдарының докторы Бақберген Досманбетов, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қансейіт Әбдезұлы, Қызылорда Ашық университетінің бірінші проректоры – инновациялық қызмет және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бақытхан Жүнайдұлы, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.52 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.53 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.502.jpeg

Ғылыми кеңес барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбетов облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың атынан Бағдат Кәрібозұлын «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ғалымның шәкірті Ғабит Тұяқбаев мерейтой иесінің ғылыми-педагогикалық қызметі туралы баяндама жасап, оның ұстаздық жолы мен әдебиеттану саласындағы еңбектерінің маңызына тоқталды.
Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алаш әдеби сыйлығының иегері Қансейіт Әбдезұлы мерейтой иесін Әл-Фараби атындағы алтын медальмен марапаттады.
Жиында университет ардагері, техника ғылымдарының докторы, профессор Серікбай Қошқаров, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, еңбек ардагері әрі қоғам қайраткері Сәпен Аңсатов, мемлекет және қоғам қайраткері Әріп Қожбанов, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының ұжымы мен ғалымның шәкірттері құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.54 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-12 at 16.33.54.jpeg

Салтанатты мәжіліс аясында Бағдат Кәрібозұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұрасын арқау еткен «Ғибратты ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті.
Басқосуда мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаев пен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары – Орталық аппарат жетекшісі Шахмардан Баймановтың мерейтой иесіне арналған құттықтау лебіздері жеткізілді.
Іс-шара студенттердің поэзиялық арнауымен жалғасып, профессор Бағдат Кәрібозұлының жиналған қауымға білдірген алғыс сөзімен қорытындыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации