ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ – УНИВЕРСИТЕТ НАЗАРЫНДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қазан 2026
  • 35

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ – УНИВЕРСИТЕТ НАЗАРЫНДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы жатақханада тұратын шетелдік студенттерге «Жаңа ортадағы мен» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – білім алушылардың жаңа ортаға психологиялық бейімделуіне қолдау көрсету, өзара таныстығын нығайту, топ ішінде еркін қарым-қатынас орнатуға ықпал ету, сондай-ақ сенімділік пен бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамыту.

WhatsApp Image 2026-10-13 at 15.01.07.jpeg

Кездесу барысында «Есімім және ерекшелігім», «Мұнараны бірге тұрғыз» және басқа да психологиялық ойын-жаттығулар ұйымдастырылды. Студенттер тапсырмаларды бірлесе орындап, өзара пікір алмасып, командалық қарым-қатынас дағдыларын жетілдірді.
Тренинг шетелдік білім алушылардың университет ортасына бейімделуіне, бір-бірімен жақынырақ танысуына және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға мүмкіндік берді.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации