ШВЕЦИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ АРАЛ ТЕҢІЗІ ТУРАЛЫ БЕЙНЕФИЛЬМ ТҮСІРУДІ ЖОСПАРЛАУДА
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қазан 2026
  • 54

ШВЕЦИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ АРАЛ ТЕҢІЗІ ТУРАЛЫ БЕЙНЕФИЛЬМ ТҮСІРУДІ ЖОСПАРЛАУДА

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева Швеция Журналистер клубының мүшесі, журналист-эколог Томас Эриксонмен кездесті. 

WhatsApp Image 2026-10-13 at 11.35.57 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-13 at 11.35.58.jpeg

Арал теңізінің тарихы мен қазіргі экологиялық жағдайын зерттеу мақсатында өңірге келген шетелдік журналист теңіз мәселесін халықаралық ақпарат кеңістігінде кеңінен танытуға қызығушылық білдірді. Кездесу барысында Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды зерделеу, оның тарихи қалыптасуы мен қазіргі жай-күйін ақпараттық тұрғыдан көрсету, сондай-ақ жаһандық аудиторияның назарын аймақтың экологиялық мәселелеріне аудару бағыттары талқыланды.
Томас Эриксон алдағы уақытта Арал теңізінің өткені мен бүгінін, экологиялық өзгерістердің ауқымы мен салдарын қамтитын деректі бейнефильм түсіруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Сонымен қатар журналист Арал мәселесіне арналған материалдарды халықаралық журналдарда жариялау арқылы тақырыптың ауқымын кеңейтуді көздейтінін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-10-13 at 11.35.57.jpeg

Кездесу барысында Арал теңізінің экологиялық проблемаларын халықаралық деңгейде ақпараттық сүйемелдеу, өңірдің тарихы мен қазіргі жағдайын кеңінен таныту және қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару мүмкіндіктері сөз болды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации