АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТАРИХЫ, БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ, КЕЛЕШЕГІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 13 қазан 2026
  • 50

АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТАРИХЫ, БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ, КЕЛЕШЕГІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Арал теңізінің тарихы, бүгінгі жағдайы, келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық семинар өтті.
Семинардың ашылуында Жаратылыстану институтының директоры Гүлжас Тоқтағанова сөз сөйлеп, кездесудің маңыздылығы мен негізгі мақсатына тоқталды. Ол Арал өңірінің экологиялық мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерделеудің, табиғи ресурстарды сақтаудың және осы бағыттағы зерттеулерді қолдаудың өзектілігін атап өтті.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқарушы дирекциясының директоры Серікқали Мұқатаев Арал теңізі аумағын қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндама барысында Арал өңіріндегі экологиялық ахуал, теңіздегі су қорының қазіргі жағдайы және тұзды көлдерден көтерілетін тұзды шаңның қоршаған ортаға тигізетін кері әсері сөз болды.

WhatsApp Image 2026-10-13 at 17.51.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-13 at 17.51.17.jpeg

Спикердің айтуынша, Арал теңізіндегі су көлемі шамамен 23,5 млрд текше метрді құрайды. Сонымен қатар өңірдегі тұзды көлдердің кебуі мен тұздың ауаға таралуы табиғатқа және жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін маңызды мәселелердің бірі екені атап өтілді. Осыған байланысты сортаң жерлерді көгалдандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған «Сортаң жерлерден жасыл оазиске» атты жаңа пилоттық жоба қолға алынғаны айтылды.

Сондай-ақ «Арал геопаркі» (The Aral Geopark) жобасының маңыздылығына тоқталды. Жобаның негізгі мақсаты – экологиялық туризмді дамыту, жергілікті қауымдастықтарды қолдау, өңірдің бірегей табиғи мұрасы мен мәдени құндылықтарын сақтау. 

WhatsApp Image 2026-10-13 at 17.51.20.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-13 at 17.51.18.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-13 at 17.51.21.jpeg

Семинар барысында Арал өңіріне зерттеу жүргізген Швецияның журналистер клубының мүшесі, журналист-эколог Томас Эриксон өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Ол өңірдегі қорғаныс дамбаларының жағдайына және Ақеспе елді мекеніндегі ыстық су көздеріне қатысты бақылауларын баяндады.

Ал Упсаль университетінің Мәдени антропология және этнология кафедрасының доценті  Владислава Владимирова Арал маңындағы зерттеу жұмыстары туралы айтып, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне, соның ішінде түйе шаруашылығының өңір өміріндегі орнына назар аударды.

WhatsApp Image 2026-10-13 at 17.51.20 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-13 at 17.51.18 (2).jpeg

Бұдан бөлек, Әлихан Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қызылордадағы филиалы директоры  Самалбек Қосанов пен «Арал өңірі экожүйелерін зерттеу халықаралық орталығы » жетекшісі Рахат Құрманбаев Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту, өңірді зерттеу және табиғи ортаны қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

Халықаралық ғылыми-танымдық семинар барысында Арал теңізінің экологиялық мәселелері әртүрлі қырынан қарастырылып, ғылыми зерттеулердің, халықаралық тәжірибе алмасудың және жергілікті қауымдастықтарды қолдаудың маңыздылығы талқыланды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации