ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ: ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІК
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 14 қазан 2026
  • 10

ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ: ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Аяжан Нурмашева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Эскишехир қаласындағы Анадолу университетінде білім алуда. Ол Білім беру факультетінде (Eğitim Fakültesi) ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, шетелдегі студенттік тәжірибесімен бөлісті.
Аяжан академиялық ұтқырлық бағдарламасына екінші курстан бастап қызығушылық танытқан. Студенттік кезеңде берілген мүмкіндікті жіберіп алмай, өз білімін жаңа ортада сынап көруді мақсат еткен.
«Түркияға келген сәтте ең алдымен жауапкершілікті сезіндім. Маған артылған сенімді ақтап, білімімді толықтырып, елге абыроймен оралғым келеді», – дейді ол.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.40.jpeg    WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.41 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.41 (3).jpeg

Анадолу университетіндегі дәрістер ағылшын тілінде өтеді. Аяжанға мұндағы оқытушылар мен студенттер арасындағы ашық әрі еркін қарым-қатынас ерекше әсер қалдырған. Білім алушылар сабақта өз ойын еркін жеткізіп, пікірталастарға белсенді қатысады.
Жаңа тілдік ортаға бейімделу де қиындық туғызбаған. Аяжан Қорқыт ата университетінің Гуманитарлық-педагогикалық институтында «Шет тілдері мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқиды, ал оның екінші шет тілі – түрік тілі.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.42 (1).jpeg    WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.42 (2).jpeg

«Қазір түрік тілінде күнделікті сөйлесу арқылы университетте алған білімімді тәжірибеде қолданып жүрмін. Бұл – тілдік дағдыларымды жетілдіруге берілген үлкен мүмкіндік», – дейді студент.
Оның айтуынша, түрік халқы ашық, қонақжай және көмек көрсетуге әрдайым дайын. Әсіресе кез келген жерде қонаққа шай немесе кофе ұсыну дәстүрі ерекше әсер қалдырған. Аяжан бос уақытында қатарластарымен сабаққа дайындалып, қаланы аралайды және жергілікті студенттермен қарым-қатынас жасау арқылы тілдік тәжірибесін дамытады. Эскишехирдегі сүйікті орындарының бірі – ертегі сарайы мен қарақшылар кемесі орналасқан Sazova Park.
«Академиялық ұтқырлық – мен үшін тек шетелде білім алу емес. Бұл бағдарлама өзімді жаңа қырымнан тануға, жаңа достар табуға және болашаққа деген көзқарасымды кеңейтуге көмектесті», – дейді Аяжан.

WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.41.jpeg     WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.41 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-14 at 14.59.31.jpeg

Ол шетелде білім алуға ниетті студенттерге қорқынышқа бой алдырмай, мүмкіндікті дер кезінде пайдалануға кеңес береді.
«Басқа елге бару және жаңа ортаға бейімделу оңай болмауы мүмкін. Бірақ мұндай тәжірибе адамды шыңдап, өзіне деген сенімділігін арттырады. Ең бастысы – қорқыныштың мүмкіндіктеріңізді шектеуіне жол бермеңіздер», – деп түйіндеді студент.
Аяжан елге оралғаннан кейін Түркияда меңгерген оқыту әдістері мен тілдік дағдыларын оқуында және болашақ кәсіби қызметінде пайдалануды жоспарлап отыр.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации