ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒИБРАТТЫ ЖОЛ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 15 қазан 2026
  • 37

ҒЫЛЫМДАҒЫ ҒИБРАТТЫ ЖОЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бірлескен Ғылыми кеңесінің Қазақ аграрлық ғылымдар академиясының академигі, Қорқыт ата университетінің құрметті профессоры, техника ғылымдарының докторы Серікбай Өмірзақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты мәжілісі өтті.
Жиынға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов, университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Дана Абдрашева, профессор-оқытушылар құрамы, зиялы қауым өкілдері мен білім алушылар қатысты. Мәжіліске Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев модераторлық етті.

WhatsApp Image 2026-10-15 at 18.28.24 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-15 at 18.28.43 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-15 at 18.28.43.jpeg

Шара барысында университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы әрі бас редакторы Қали Омаров мерейтой иесінің өмір жолы, ғылыми-педагогикалық қызметі және өңір ғылымының дамуына қосқан үлесі туралы баяндама жасады.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов облыс әкімінің құттықтау хатын табыстап, Серікбай Ыдырысұлын «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры атынан құттықтау хаты мен арнайы сыйлық табыс етті.

WhatsApp Image 2026-10-15 at 18.28.23.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-15 at 18.28.24 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-15 at 18.28.44.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-15 at 18.28.24.jpeg

Салтанатты мәжілісте қонақтар ғалымның ғылым мен жоғары білім саласындағы елеулі еңбегін атап өтіп, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ мерейтой иесіне қала әкімінің Құрмет грамотасы және қалалық Ардагерлер кеңесінің «Қызылорда қаласының құрметті ардагері» медалі табысталды.
Жиын барысында қатысушылар Серікбай Өмірзақовтың ғылыми еңбектері, аграрлық ғылымды дамытуға және білікті мамандар даярлауға қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации