Профессор-оқытушыларға құрмет көрсетілді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қазан 2022
  • 1352

Профессор-оқытушыларға құрмет көрсетілді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 85 жылдық мерейтойы аясында, ұстаздар күніне орай «Ұстазым, бір өзіңе бас иемін!» атты салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шарада университет ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Уразбаев профессор-оқытушылардың елеулі еңбегіне тоқталып, кәсіби мерекемен құттықтады.

 «Қазіргі таңда университет еліміздегі үздік оқу орындарының қатарында. «Қазақстан Республикасының сұранысқа ие жоғары оқу орындары Ұлттық Рейтингі – 2022» бойынша үздік ондыққа ендік. Тарихы терең оқу орнының жыл сайын дамуына, еліміздегі сұранысқа сай мамандардың даярлануына педагогтердің қосқан үлесі зор»,-деді Нұрлан Жеткергенұлы.

Жаңа оқу жылында өз саласының кәсіби шебері саналатын  университеттің бірқатар қызметкерлері марапат төрінен көрінді. Жоғары білікті мамандар даярлауда еңбек етіп жүрген оқытушы-профессорлар Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен, облыстық білім кәсіподағының марапатына ие болса, оқу орнының стратегиялық дамуына үлес қосқан қызметкерлерге Басқарма Төрағасы-ректордың арнайы марапаттары  табысталды.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, университет ардагерлері, оқытушы-профессорлар және білім алушылар қатысты. Салтанатты шара Инженерлі-технологиялық институтының профессор-оқытушылары мен білім алушыларының мерекелік концертімен қорытындыланды.

Айта кетейік, бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 470 профессор-оқытушы жұмыс істейді. Олардың қатарында 27 философия докторы, 22 ғылым докторы, 176 ғылым кандидаты, 11 профессор, 48 доцент, 185 магистр қызмет етуде. Биыл оқу орнында білім алушылар саны 9 мыңнан асты.

035.jpeg

036.jpeg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...