ИТАЛИЯЛЫҚ ЭКОЛОГ РОБЕРТО БОЛТРИ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 16 қазан 2026
  • 30

ИТАЛИЯЛЫҚ ЭКОЛОГ РОБЕРТО БОЛТРИ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде италиялық жазушы, эколог, халықаралық ерікті, Орталық Азияның экологиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесші Роберто Болтри экология мамандығының студенттерімен кездесті.
Басқосуды Инженерлік-технологиялық институтының директоры Бахытбек Абжалелов ашып, Роберто Болтридің Арал теңізінің экологиялық мәселелерін зерттеуге және Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде танытуға қосып жүрген үлесін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.33.36 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.33.36.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.33.35 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.33.36 (3).jpeg

Кездесу барысында Роберто Болтри Арал өңіріне арналған жаңа халықаралық экологиялық жобаны жүзеге асыру жоспары туралы айтып, университет ғалымдары мен студенттерінің ұсыныстарын тыңдауға және бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанмен көпжылдық байланысына тоқталып, Арал теңізінің экологиялық жағдайына әлем назарын аударудың маңызын айтты.

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.33.36 (4).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.33.36 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.33.35 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-16 at 17.37.50.jpeg

«Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Светлана Кужамбердиева университеттегі экологиялық бастамалар, экоклубтың қызметі және осы бағытта қол жеткізілген жетістіктер жөнінде баяндады.
Іс-шара соңында студенттер қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Арал теңізін қалпына келтіру мен өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации