УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ – АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қазан 2026
  • 14

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТІ – АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Жібек Жайсаңбай дзюдодан Ақтау қаласында өткен Азия кубогында жүлделі орынға ие болып, университет мерейін асқақтатты.

63 келі салмақ дәрежесінде белдескен спортшы халықаралық жарыста жоғары спорттық шеберлігін, табандылығы мен жеңіске деген жігерін танытып, күміс жүлдені иеленді. Бұл нәтиже — спортшының жүйелі дайындығының, қажырлы еңбегі мен мақсатқа деген ұмтылысының жемісі.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 09.43.15.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-19 at 09.43.16.jpeg

Азия кубогы — спортшылардың кәсіби деңгейін шыңдап, халықаралық аренада тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретін маңызды жарыстардың бірі. Осындай бәсекеде үздіктер қатарынан көріну Жібек Жайсаңбайдың алдағы додаларда бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жол ашады.

Университет ұжымы Жібек Жайсаңбайды айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс және жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации