ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ: «КЕЙДЕ БІР БАТЫЛ ҚАДАМ БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРДІҢ ЕСІГІН АШАДЫ»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 19 қазан 2026
  • 9

ШЕКАРАСЫЗ БІЛІМ: «КЕЙДЕ БІР БАТЫЛ ҚАДАМ БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕРДІҢ ЕСІГІН АШАДЫ»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 3-курс студенті Ақбота Тугелбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Эскишехир қаласында білім алуда. Шетелдегі оқу кезеңі ол үшін жаңа біліммен қатар, дербестік пен жауапкершілікке бастайтын маңызды тәжірибеге айналды.
«Түркияға аттанар алдында көп нәрсеге күмәнмен қарайтынмын. Басқа елде өз мәселелеріңді өзің шешу, жаңа адамдармен танысу және өзгеше оқу жүйесіне бейімделу оңай болмайды деп ойладым. Ал қазір өзіме сенімдірек болдым. Күнделікті мәселелерді шешуді, уақытымды жоспарлауды және жауапкершілік алуды үйрендім», – дейді Ақбота.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 12.25.16.jpeg     WhatsApp Image 2026-10-19 at 12.25.17 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-19 at 12.25.16 (1).jpeg     WhatsApp Image 2026-10-19 at 12.25.16 (3).jpeg

Алғашқы күндері бейтаныс қалада бағдарлау мен құжаттарды рәсімдеу барысында қиындықтар кездескен. Алайда студент жаңа ортаға біртіндеп бейімделіп, кедергілерді өз бетінше еңсерген. Оған Түркиядағы оқытушылар мен студенттер арасындағы еркін қарым-қатынас, пікір білдіруге берілетін мүмкіндік ерекше әсер қалдырды.
«Мен көбірек сөйлесуге және қателесуден қорықпауға тырыстым. Қателесу – үйренудің бір бөлігі екенін түсіндім. Тілді меңгеру үшін теориялық білімнің өзі жеткіліксіз, оны күнделікті қарым-қатынаста қолдану қажет», – дейді студент.
Ақбота университеттегі күнделікті сабақтарынан кейін ағылшын және түрік тілдерін жетілдіруге уақыт бөледі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы оған білім алумен қатар, түрік халқының мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен және ұлттық тағамдарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген. Эскишехирдің жасыл табиғаты мен көркем көрінісі үйлескен Порсук өзені студенттің ерекше ұнатқан орындарының біріне айналса, түрік асханасынан түрлі қоспалармен әзірленетін бөрек тағамы ерекше ұнаған.

WhatsApp Image 2026-10-19 at 12.25.16 (2).jpeg     WhatsApp Image 2026-10-19 at 12.25.18.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-19 at 12.32.03.jpeg

Шетелде жүрген кезең туған елдің қадірін де тереңірек сезінуге ықпал еткен. Ақбота Қазақстанды, туған жердің ауасын және жақындарын сағынатынын айтып, отбасымен үнемі бейнебайланыс арқылы хабарласып отыратынын жеткізді.
«Студенттерге тәуекел етуден қорықпауға кеңес беремін. Кейде бір батыл қадам болашаққа апаратын үлкен мүмкіндіктердің есігін ашады. Түркиядан жаңа білім мен тәжірибе жинап қайтқым келеді. Бұл кезең маған өзіме сенуді, дербес өмір сүруді және жаңа мүмкіндіктерді бағалауды үйретті. Мен үшін бұл – болашағыма жасалған маңызды қадам», – дейді Ақбота Түгелбаева.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации