ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 21 қазан 2026
  • 6

ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Педагогика және дәстүрлі өнер институтында 19-21 қазан аралығында 1-курс білім алушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру дәрістері ұйымдастырылды.
Кездесуге университеттің Қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғалымжан Жармаханов қатысып, студенттерге терроризм актілерінің қаупі, олардың алдын алу жолдары және төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы іс-қимыл тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді.

WhatsApp Image 2026-10-21 at 10.50.56.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-21 at 10.50.56 (1).jpeg

Дәріс барысында терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі таныстырылып, қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ күмәнді жағдайлар туындаған кезде сабыр сақтап, жауапты қызметтердің нұсқаулықтарына сәйкес әрекет ету қажеттігі айтылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілігін арттыруға және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации