РЕКТОР ОҚЫРМАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қазан 2026
  • 60

РЕКТОР ОҚЫРМАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Кітап оқитын ұлт – зияткер ұрпақ» тақырыбында Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамовтың оқырман жастармен кездесуі өтті.
Еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде студенттер университет басшысына кітап оқу мәдениеті, тұлғалық даму, мақсат қою және өмірлік ұстанымдарға қатысты сауалдарын қойып, ашық пікір алмасты.
Наурызбай Байқадамов кітаптың адам өміріндегі маңызына тоқталып, білім мен парасаттың қайнар көзі ретінде бағалайтынын жеткізді.

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.40.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.40.40.jpeg

«Кітап – үлкен қазына. Қазына болғанда да, сарқылмайтын қазына. Ол берген ақылы мен үйретер өнегесі үшін ақы сұрамайтын, тұрған жеріне көп орын алмайтын ақылдың кені», – деді ректор.
Кездесу барысында университет басшысы қазіргі таңда мотивациялық бағыттағы кітаптарды жиі оқитынын, маңызды ойлар мен пайдалы мәліметтерді конспектілеп, жинақтап жүретінін айтты. Сондай-ақ, жеке кітапханасында 5 мыңға жуық кітап бар екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.40.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.40.39 (2).jpeg

Мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және зияткерлік дамуына ықпал ететін болады.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации