КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ: БІЛІМ АЛУШЫЛАР КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 22 қазан 2026
  • 36

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ: БІЛІМ АЛУШЫЛАР КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында көрнекті жазушы Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романына арналған әдеби талқылау өтті.

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.54.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.54.51 (2).jpeg

Кездесу барысында студенттер шығармада суреттелген соғыс жылдарындағы адам тағдыры, ел басына түскен ауыр кезең, отбасылық құндылықтар мен адамгершілік мәселелері жөнінде пікір алмасты. Роман кейіпкерлерінің болмысын талдап, олардың қиындыққа қарсы күресі мен өмірге деген сеніміне назар аударды.

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.54.51 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-22 at 09.54.52.jpeg

Білім алушылар шығармадағы негізгі идеяларды бүгінгі күнмен байланыстырып, кітаптан алған әсерлері мен ой-тұжырымдарын ортаға салды. Еркін форматта өткен әдеби басқосу студенттердің көркем әдебиетке қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы мұндай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации