ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2026
  • 12

ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 25 қазан – Республика күніне орай «Қоғамдық тұрақтылық: біріктіруші факторлар мен жаңа саяси жағдайдағы трендтер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрлыбек Мыңжас, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айтжан Оразбақов, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қуаныш Жарекеев және білім алушылар қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-23 at 16.08.52 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-23 at 16.08.52 (2).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-23 at 16.08.52.jpeg

Кездесу барысында Республика күнінің тарихи маңызы, Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдері және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құндылықтар сөз болды. Спикерлер ел бірлігі, азаматтық келісім, заң үстемдігі мен саяси мәдениеттің қоғамның орнықты дамуындағы рөліне тоқталды.
Сондай-ақ қазіргі саяси үдерістер, жастардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі, ұлттық мүдде және құқықтық сауаттылық мәселелері талқыланды. 

WhatsApp Image 2026-10-23 at 16.08.51.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-23 at 16.08.51 (1).jpeg

Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында жалғасып, білім алушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шара жастардың тарихи танымын кеңейтіп, азаматтық ұстанымы мен саяси-құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталды.


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации