ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҒАЛЫМ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2026
  • 15

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҒАЛЫМ

Ұлттық мереке Республика күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының профессор-зерттеушісі, техника ғылымдарының кандидаты Анипа Тапалованы “Құрмет” орденімен марапаттады.

Анипа Сейдалықызы - оқу орнында 35 жылдан бері химия ғылымы мен білім беру саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті ғалым, ұлағатты ұстаз.

Ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары химия, экология және химиялық білім берудің өзекті мәселелерін қамтиды. Ол студенттер мен мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік етіп, шәкірттерінің халықаралық байқауларда жоғары жетістіктерге жетуіне үлес қосты. Оның жетекшілігімен оқушылар халықаралық ғылыми жобалар байқауларында 10 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленген.

WhatsApp Image 2026-10-23 at 17.36.14.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-23 at 17.36.14 (1).jpeg

Ғалымның 120-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбегі жарық көрген. Ол 6 монографияның, 2 оқулықтың, 10 оқу құралының және 8 патенттің авторы.

Еңбегі еленген ғалым 2008 және 2024 жылдары «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Сондай-ақ, «Ы. Алтынсарин» белгісімен, «Ғылымға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Ахмет Байтұрсынов орденімен және басқа да марапаттармен наградталған. 
2025 жылы Академик Нәйлә Базанова атындағы медальмен марапатталды.

Қазіргі уақытта Анипа Сейдалықызы 2024–2026 жылдарға арналған гранттық ғылыми жобаға жетекшілік етіп, ғылымның дамуына өз үлесін қосуда.

Анипа Сейдалықызын марапатымен құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации