ХАБАРЛАНДЫРУ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2026
  • 27

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІНІҢ КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРІ бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.
Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі оның құрылымдық бөлімшелерінің, жұмыскерлері мен білім алушыларының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету функциясын жүзеге асырады.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Комплаенс-қызметінің басшысы лауазымына жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласында арнайы даярлығы бар адам тағайындалады.


Комплаенс-офицер білуге тиіс: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік құқықтық актілер мен әдістемелік материалдарды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау тәртібін; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шараларын; қаржылық бақылау шаралары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; мүдделер қақтығысын реттеу тәртібін; бақылау жүйелерін, әдістері мен құралдарын; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптемесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер адам Корпоративтік хатшыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1.     өтініш;

2.     конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3.     түйіндеме;

4.     білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

5.     жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6.     соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 202-кабинет, телефон: 8-777-611-71-12; email: Eldana@korkyt.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации