ҒЫЛЫМҒА АДАЛДЫҚ – АБЫРОЙ БИІГІ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2026
  • 12

ҒЫЛЫМҒА АДАЛДЫҚ – АБЫРОЙ БИІГІ

Ұлттық мереке 25 қазан – Республика күні қарсаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, Қызылорда ашық университетінің проректоры Бақытхан Әбдікәрімовқа «Құрмет» орденін табыстады.
Бақытхан Жүнайдұлы – физика ғылымының дамуына және жоғары білім беру жүйесінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым, білікті ұйымдастырушы.
Ғалым жоғары оқу орнында оқытушыдан бастап факультет деканы, институт директоры, проректор, ректор міндетін атқарушы секілді жауапты қызметтерді атқарды. Білім беру саласындағы мол тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті арқылы өңірдің жоғары білім жүйесінің дамуына үлес қосты.
Ғалымның 170-тен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбегі жарық көрген. Ол молекулалық физика мен термодинамика салалары бойынша оқулықтар, оқу құралдары мен монографиялар жазып, ондаған ғылым кандидаты мен магистрдің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Бақытхан Жүнайдұлы ғылым мен білім саласындағы еңбегі үшін бірқатар мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болған. Ол – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы.
Бақытхан Жүнайдұлын марапатымен құттықтаймыз!


Қ
орқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации