ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНЕ ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҒАЛЫМ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 23 қазан 2026
  • 11

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНЕ ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ҒАЛЫМ

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ұлттық мереке Республика күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» білім беру бағдарламаларының ардагер академиялық профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлына «Құрмет» орденін табыстады. 
Жеңіс Сәдуақасұлы – қазақ тіл білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз. Еңбек жолын 1971 жылы бастаған ғалым 50 жылдан астам уақытын білім мен ғылымға арнап, оның 40 жылын Қорқыт ата университетінің дамуына, жас ұрпақ тәрбиесіне және ұлттық тіл ғылымының өркендеуіне арнады.
Ғалым қазақ синтаксисі, етістіктің жақ категориясы мен жай сөйлем құрылымы мәселелерін зерттеуге елеулі үлес қосты. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен 1 ғылым кандидаты мен 20-дан астам магистр даярланып, 60-тан астам докторлық және кандидаттық диссертацияға сарапшылық жасаған.
Ұлттық тіл мен руханиятты дамыту жолындағы еңбегі мемлекет және қоғам тарапынан жоғары бағаланды. Ол «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен, «Ахмет Байтұрсынұлы» орденімен, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және бірқатар мемлекеттік, мерейтойлық марапаттармен наградталған.
Жеңіс Сәдуақасұлын марапатымен құттықтаймыз!


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации