«GREEN ARAL – 2026»: ЖАСТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ БІРЛЕСЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45
  • 27 қазан 2026
  • 45

«GREEN ARAL – 2026»: ЖАСТАР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ БІРЛЕСЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 19-23 қазан күндері ұйымдастырылған «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығына қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-27 at 11.24.39.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-27 at 11.24.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-27 at 11.24.39 (1).jpeg

Халықаралық апталық Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылды.
Арал ауданында өткен іс-шараға Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның 10 өңірінен келген 100 ерікті қатысты. Бастама жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

WhatsApp Image 2026-10-27 at 11.24.38.jpeg

WhatsApp Image 2026-10-27 at 11.24.40.jpeg

Бағдарлама аясында қатысушылар волонтерлік қызметтегі тәжірибелерімен бөлісіп, экологиялық жобалары мен бастамаларын таныстырды. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оларды бірлесіп шешудің тиімді жолдарын қарастырды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...

МегаПРО-диссертации