Университет пен Кванджу білім басқармасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 қазан 2022
  • 1402

Университет пен Кванджу білім басқармасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Корея Республикасының Ғылым және Білім министрлігі жанындағы Корея тарихы және мәдениет орталығының делегациясы  қаладағы оқу орындарының өкілдерімен кездесті. Жиынға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Уразбаев қатысты.

Кездесуде Оңтүстік Кореядан келген делегация басшысы, орталықтың бас хатшысы Чонг Кёнгвон орталықтың қызметі және білім, мәдениет және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастық орнату, оқушылар мен студенттер алмасу және мәдени байланыс туралы атап өтті.

Жиында Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері білім беру саласындағы тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Астаналық Кванджу білім басқармасы мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті келісім шеңберінде академиялық ұтқырлық және стипендиялық бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізуге уағдаласты.

Мұнан кейін Оңтүстік Кореядан келген делегация университеттің тарихи мұражайына барып, университет кітапханасындағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар» бөлімімен танысты. Корей тіліндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Делегация жетекшісі Чонг Кёнгвон бірнеше ғасыр бұрын шыққан корей халқының тарихын және қолжазбаларын сақтап, бүгінге жеткізген университетке үлкен алғысын білдірді және тараптар арасындағы достық пен серіктестікті одан әрі дамытуға күш салатынын айтты.  

IMGL0114.JPG

IMGL0156.JPG

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...